Біздің блогқа қош келдіңіздер! Приветствуем Вас на нашем блоге! Надеемся, что Вы найдете здесь много интересной информации! Просим Вас уважаемые читатели оставлять свои комментарии и пожелания о блоге.

Биография Беимбета Майлина

Беимбет Майлин родился в 1894 году в Дамбарской волости Кустанайского уезда Тургайской области, в урочище Актюбе (ныне село имени Беимбета Майлина Тарановского района Костанайской области).
Еще ребенком Беимбет лишился родителей и рос у бабушки Бойдае. Трудолюбивая, острая на язык женщина знала множество стихов, сама их складывала и передала внуку свою любовь к поэзии. Ее заветной мечтой было, несмотря на бедность, дать образование мальчику. И бабушка исполнилу свою мечту. Беимбет обучался вначале в медресе, затем в школе «Уазифа» в Троицке, а впоследствии страстное желание продолжать ученье привело Майлина в Уфу в медресе «Галия», считавшееся высшим учебным заведением для служителей ислама. Из-за пошатнувшегося здоровья и нехватки средств на продолжение учебы Беимбет, оставив медресе, уехал лечиться в Троицк. Еще во время учебы он познакомился с передовыми представителями татарской и башкирской литературы Галимджаном Ибрагимовым, Мажитом Гафури, Сайфи Кудашем. А в Троицке судьба свела Майлина с редактором журнала «Айкап». Встреча с профессиональными литераторами - Мухамеджаном Сералиным и журналистом, поэтом Султанмахмутом Торайгыровым, еще больше усилила тяготение Беимбета к литературным занятиям.
Но было у него еще одно большое желание. Учить детей было в то время долгом и делом чести для молодой казахской интеллигенции. И вернувшись в родной аул, Беимбет Майлин стал учителем, осуществив давнишнюю мечту юноши-батрака. А все свое свободное время Беимбет отдавал творчеству. Есть у Беимбета Майлина и стихи, написанные для детей. Можно прочитать вместе с детьми, такие стихи и сказки как, «Премия за вранье», «Әлди», «Дай руку, Мыркумбай».
А в 1938 году жизнь Беимбета Майлина, полная литературных замыслов, самоотверженного труда, оборвалась на творческом взлете. Арест по обвинению в контрреволюционной, буржуазно-националистической, повстанческо-террористической деятельности, истязания на допросах и определение военной коллегии Верховного Суда СССР от 26 февраля, приговорившей Беимбета Майлина к расстрелу с немедленным исполнением приговора. Лишь в 1957 году определением Верховного Суда СССР от 16 апреля Беимбет Майлин был реабилитирован, приговор отменен и дело прекращено за отсутствием состава преступления.
Имя писателя, его творчество вернулись к людям. Казахское народное изречение «Ай-ортак, кун-ортак, жаксы-ортак» гласит, что «луна, солнце и прекрасный человек принадлежат всем». Замечательный писатель, человек большой души Беимбет Майлин навсегда принадлежит народу.
Источник: http://www.allib.org/ru/node/41
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН

Майлин Бейімбет (Бимағамбет, 1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Таран ауданы. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы  Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған. Алғашқыда мұғалімдік қызмет атқарған (1916-1919). Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП)  ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактор қызметін атқарды. Саяси репрессияның құрбаны болды. Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған. Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады. Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер. Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы. Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.

Источник: Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі түлғалады: Оқу құралы / М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғараұлы, А. Сейдімбек. – Астана, 2001. – 357 б.

Комментариев нет:

Отправить комментарий