Біздің блогқа қош келдіңіздер! Приветствуем Вас на нашем блоге! Надеемся, что Вы найдете здесь много интересной информации! Просим Вас уважаемые читатели оставлять свои комментарии и пожелания о блоге.

четверг, 7 августа 2014 г.

АҚЫЛБЕК ШАЯХМЕТ. БЕЙІМБЕТСІЗ ҚОСТАНАЙ


Қостанай облысы басшыларының назарына
(Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл толуына)

Көрнекті сөз зергері Бейімбет Майлиннің туып-өскен елі қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы талай ақындар мен батырлардың, билердің атамекені. Ел аузында жүрген шежіре деректеріне жүгінсек, қарабалық қыпшақтан Шоманақ, Қарсақ, Танабұға, Жолыншы және Жолжақсы тараса, Жолыншыдан Сопы, Сопыдан Қарта туады. Жантілес Жолжақсының баласы. Қартадан Қошқар, Жауар, Мамажар, Мәметек, Әлеке және Әлігеш туады. Жабағы батырдың ата тегін одан әрі таратсақ, Қошқардан Тәуке, Тәукеден Сыма, Сымадан Тоқмәмбет, Ақжігіт, Ақмәмбет. Абылай ханнан бата алған, ақжолтай батыр атанған Түгел батыр осы Ақжігіттің баласы. Источник: http://www.abai.kz/post/view?id=914