Біздің блогқа қош келдіңіздер! Приветствуем Вас на нашем блоге! Надеемся, что Вы найдете здесь много интересной информации! Просим Вас уважаемые читатели оставлять свои комментарии и пожелания о блоге.

понедельник, 1 сентября 2014 г.

БИАҒАҢНЫҢ ЕЛІНДЕ


О праздновании юбилея нашего земляка в Тарановском районе печаталось в разных периодических изданиях, в том числе и газете: "Қазақ әдебиеті". - 2014. - № 32. - С. 1, 4. А мы предлагаем вам посмотреть этот материал с сайта газеты. Источник: http://writers.kz/journals/?ID=10&NUM=300&CURENT=&ARTICLE=8020
Тамыз айының 8-9 күндері Бейімбет Майлинның туған жері Қостанай облысы, Таран ауданы, Ақтөбе ауылында жазушының туғанына 120 жылдық мерейтойы өтті. Облыс көлемінде өткен шарадан көп кісі бейхабар қалды. Мүмкін республика көлемінде аталып өтетін мерейтойдың қатарында болмағаннан кейін солай болған шығар. Бір жағы Қостанай аймағы көп адамға «жұмбақ қала» сияқты әсер береді. Баспасөз бетінде жүріп жататын әр түрлі шуға қатысы жоқ, астығымен ғана көпке мәлім мекеннің өз сыры өзінде.

Би-ағаңның елінде

В Лисаковске построят теплицу и завод ветеринарных вакцин - …Лисаков қаласынан соң редакция ұжымы бірден Таран ауданына бет алды. Таран ауданы біздер үшін тым ыстық. Себебі, бұл "Қостанай таңы" газетінің негізін қалап кеткен Би-аға, Бейімбет Майлиндей тұлғаны дүниеге әкелген жер. Аудан орталығында жазушының ескерткіші тұр. Газеттің бас редакторы Ж.Аязбеков пен орынбасары С.Меңдібай ескерткіш басына барып тағзым етті. Таран ауданындағы "Қостанай таңы" газетінің күндері осылай басталды: http://kostanaytany.kz/archives/2658

Празднование юбилея Б. Майлина в Тарановском районе

Тарандағы БИ-АҒАҢНЫҢ торқалы тойы
DSC_0489
Торқалы тойдың беташары осылай ашылды
Таң сәріден мінген көлігіміз жол қуалап келеді. Бағытымыз – Би-ағаңның – Бейімбет Майлиннің ауылы. Қазақ әдебиетінің корифиіне айналған классик жазушының 120 жылдық торқалы тойы туған өңірі Таран ауданында кеңінен аталып өтпек. Осыдан тура 20 жыл бұрын Би-ағаңның тойы республикалық деңгейде тойланған-ды.